Халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде үш айдан артық тұратын шетелдік студенттер мен мигранттар коронавирус инфекциясына қарсы тегін екпе ала алатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін де, елімізде тұруға ықтиярхаты бар және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар үшін де вакцинация ақысыз жүргізіліп жатыр, яғни тегін, - деді Цой.
Сонымен бірге ол шетелдік студенттер мен мигранттарға қатысты ведомствоаралық комиссияның отырысында жақында қабылданған шешімді жариялады.
Сонымен қатар, кеше ғана ВАК-тың коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі мәжілісінде елімізде үш айдан астам уақыт болған шетелдік студенттер мен еңбек мигранттарына да біздің еліміздегі ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін вакцинаны тегін егу туралы шешім қабылдадынды, деп сөзін аяқтады министр.