Үндістаннан келгендер бірден карантинге жатқызылады

zakon.kz
Қазақстан Үндістанда кең таралған штамм импортын болдырмауға бағытталған шаралар қабылдады.

Қазақстан коронавирустың үнді штаммының әкелінуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Күн сайын 400 мыңға дейін инфекция тіркеліп жатқан Үндістандағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының нашарлауын ескере отырып, Үндістанда кең таралған штамм импортын болдырмауға бағытталған шаралар қабылданды. Соңғы 14 күнде Қазақстанға, оның ішінде үшінші елдер арқылы Үндістаннан келген адамдар қолында COVID-19-ды жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы мен вакцина алғандығы туралы құжаты бар-жоғына қарамастан, үйінде 14 күнге оқшаулануға міндеттеледі, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрі бұған дейін Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, өткен аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім-жітім бұрынғы деңгейде қалып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі