Таразда әлеуметтік дүкен ашылды

Жамбыл облысы әкімдігі
Мұндағы сөрелерден өнімдер нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағамен сатылатын болады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта әлеуметтік дүкендердің санын арттыру қолға алынғаны белгілі. Негізгі міндет - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қол жетімді ету, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін осы мақсатта Тараз қаласының Шалғай Қарасу, "Аса" шағын аудандарында әлеуметтік дүкен ашылды.

Мұндағы сөрелерге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылып, нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен бағада сатылатын болады.

Бүгінгі күні облыс орталығында 14 дүңгіршек жұмыс істеп тұр. Оның 8-і заманауи үлгіде. Тағы 7 әлеуметтік дүкен жаңадан салынады. Одан бөлек, алдағы уақытта Тараз қаласының аумағындағы Шөлдала алқабында, сондай-ақ Жуалы, Байзақ және Жамбыл аудандарында дүңгіршектер орналастыру жоспарлануда.

Жалпы жыл соңына дейін тараз қаласының өзінде 15 заманауи үлгідегі әлеуметтік дүкен тұрғындардың игілігіне берілуі тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды