Алматы облысында 41 соғыс ардагері 1 миллион теңгеден алатын болды

zakon.kz
Жалпы сол 15 санаттағы азаматтарға 9 мамырға орай бір реттік материалдық көмек беруге 328,2 млн теңгеден астам сома қаралып, 8718 адамды қамту жоспарланған.

Жеңіс мерекесінің 76 жылдығына орай Алматы облысында Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден бір реттік материалдық көмек беріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол үшін облыстық бюджеттен 41 млн теңге бөлінді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, 2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша өңірде 41 соғыс ардагері тұрады, оның 24-і - қатысушы, 17-сі - ҰОС мүгедегі. Жеңістің 76 жылдығына орай олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден материалдық көмек беру үшін облыстық бюджеттен 41,0 млн теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан 15 санаттағы ардагерлерге де 30 мың, 60 мың, 100 мың теңге көлемінде бір реттік төлем беру жоспарланған. Жалпы сол 15 санаттағы азаматтарға 9 мамырға орай бір реттік материалдық көмек беруге 328,2 млн теңгеден астам сома қаралып, 8718 адамды қамту жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді