Электр көлігіне арналған жылдам қуаттайтын электр стансаларын орнату аяқталды. Экотакси аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін іске қосылады деп жоспарлануда. Аталған бағытта қызмет көрсету үшін барлығы сегіз электромобиль шығарылады, деп хабарлайды zakon.kz "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба Қазақстан Республикасында электр стансаларының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде іске асырылып жатыр. Айта кету керек экотакси қызметін Қазақстанда шығарылған JAC маркалы электр көліктері көрсететін болады.
Болжам бойынша электр көлігімен шаңғы базасына жылына 150 мыңнан астам адамды жеткізіледі. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге және әлеуметтік осал топтар санатына жататын адамдарға жол жүруге 50% мөлшерінде жеңілдіктер беру мәселесі пысықталуда.
Электр қуаттау стансалары инфрақұрылымын дамыту жобасын жүзеге асыруды қолға алған ӨКМ Операторы, электр қозғалтқыштағы автокөліктерге, электравтобустарға және электр жүк көліктеріне қатысты кәдеге жарату төлемін нөлдік коэффициентпен белгілеу бойынша ұсыныс жасаған болады. Қазіргі уақытта тиісті жоба Әділет министрлігінің қарауында жатыр. Жақын уақытта аталған жобаға қатысты тиісті бұйрық қабылданады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта ЭҚҚ Операторы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан-Бурабай трассасында 103 жылдам қуаттайтын станцияларын орнатуды аяқтады.