5 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

pikabu.ru
Тек солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан территориясының басым бөлігінен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай болады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек солтүстік және шығысында антициклон ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман күтіледі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады. Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек