Нұр-Сұлтандықтар 6 мамырдан бастап Sinopharm вакцинасын салғыза алады

astana.gov.kz
Қала тұрғындары вакцинаның түрін өзі таңдай алады.

Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының 7 400 дозасы Нұр-Сұлтанның Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізілді. Бұл туралы онлайн-брифингте ведомство басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жақында басқарма қоймаларына 7 400 дозада қытайлық Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Елорда тұрғындарын Қытай вакцинасымен вакцинациялауды ертеңнен бастап МСАК ұйымдарында, яғни медициналық ұйымдарда ғана бастаймыз. Екпе қабылдағысы келетін адам вакцинаның түрін өзі таңдайды, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ол сондай-ақ, бүгінде елордада коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам егу пункті жұмыс істейтінін еске салды: МСАК мекемелерінде және қаланың ірі СОО-ларында. Олар сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қала тұрғындары вакцинаның түрін өзі таңдай алады. Қазір мынадай вакцина түрлері қолжетімді: қазақстандық QazVac, ресейлік "Спутник V", енді қытайлық Sinopharm.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз