Сотталғымыз келмейді – әуежай жанынан жер сатқан шенеуніктер

zakon.kz
Ешбір құжат рәсімдемегінін айтқан Нұрайым Алданыш судьядан өзін ақтауды сұрады.

Алматы әуежайының маңындағы жер телімдерін саудалады деп айыпталған Талғар ауданының бес экс-шенеунігі мен риелторға сот залында соңғы сөз берілді. Үй қамақта жүрген бұрынғы шенеуніктер кінәсін мойындап қана қоймай, өкінетінін айтты. Ал қамауда отырған риелтор Нұрайым Алданыш өзіне артылған айыпты сол күйі мойындаған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Нұрайым Алданыш:

- Егер заң бұзсам, онымды мойына алып, өзгелер секілді бір нәрсе айтатын едім. Ондай әрекетеке бармадым, ешқашан қылмыс жасамадым. Түрлі айғақ зат арқылы бұл қылмысқа қатысым жоқ екенін дәлелдедім.

Ешбір құжат рәсімдемегінін айтқан Нұрайым Алданыш судьядан өзін ақтауды сұрады. Ал бес экс-шенеунік тағылған айыппен келіскенімен, бас бостандығынан айыратын жаза кеспеуді өтінді. Олардың бірі кәмелетке толмаған балалары барын айтса, енді бірі отбасында жалғыз асыраушы екенін жеткізді. Бұдан бұрын мемлекеттік айыптаушылар сот залындағы алты адамға 4 пен 6 жыл аралығында жаза тағайындауды сұраған. Оның ішінде риелтор 5 жылға сотталуы мүмкін.

2019 жылы желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан "Бек Эйр" әуе компаниясының лайнері әуежай жанындағы үйге соғылып апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тауып, 52 жолаушы жарақаттанды. Іле-шала ол жерлерді сатқандарға қатысты тергеу басталып, қылмыстық іс сотқа жеткен. Енді сағызша созылға іске мамырдың 12-де нүкте қойылып, сот үкімі оқылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі