Береке қашты. Ақтөбенің ірі базары бос қалды

Саудагерлердің кәсібі неге тұралады?

Клиенттеріміз қашып кетті! Ақтөбеде тағы бір базардың сатушылары шу шығарды. Олар қарызданып-қауғаланып алған тауарлары бүлініп жатқанын айтты. Ол аздай, базарға келушілердің саны бұрынғыдан 80 пайызға күрт азайып, күнделікті табыстан қағылғанына ашулы, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әшейінде ығы-жығы халық жүретін "Алматы" базарында саудагерлерден басқа жан адам жоқ. Ол осыдан үш жыл бұрын ашылған. 25 сауда орнынан бөлек, жазғы павильон да жұмыс істеп келіпті. Алайда, бір жылдан бері базардағылардың берекесі қашқан. Жиналғандар бар кінәні жол жөндеп жатқандардан көріп отыр.

Гүлнар Диқанбаева, саудагер:

Келген, қасықтап жинаған клиенттерімізді бәрі қашып кетті, жолға байланысты ешкім келмейді, келгісі келмейді. Жаңбыр жауған күні мына жерде вообще машина, ешнәрсе жүре алмайды. Былай келгенде біз банкротқа кірдік, затымыздың бәрі әкелген затымызды мусорға тастап жатырмыз. Клиенттер келмейді.

Оңтүстік айналма жолды қайта жөндеу бір жыл бұрын басталыпты. Содан бері базарға келетіндер саны күрт азайған. Саудагерлер сұраса жолдың қолайсыздығын алға тартыпты. Айқыш-ұйқыш жолдың шаңы аспанға көтеріліп жатыр. Мердігер компания оқтын-оқтын жолды уақытша бөгеп қоятын көрінеді.

Қыдыр Бархат, базар әкімшісі:

Былтыр июнь айынан бастап жолдың мәселесі басталды. Ноябрьдің аяғына дейін жабық тұрды. Ноябрьге дейін еш үлгерген жоқ, тұрды. Қыстыгүні ашып тастады. Алған компания условия жасап, айналма жол істеп, су шашып. Мына шаңның бәрін жұтып жатырмыз. Жұрттар жазғы сезонда сыртқа шығарып сатқысы келеді, шаңның бәрі көкөністің үстінде тұр. Оны алып халық жейді.

Клиент келмегесін сауда да мардымсыз. Сатушылар тауары бүлініп, қарызға батқандарын айтады. Астында көлігі барлары тауарларын дүкендерге өздері тасып, әрекет етуде. Ал көлігі жоқтары жалдайын десе, жүк көліктерінің өзі базарға келуге қыруар қаражат сұрайтын көрінеді. Өйткені, олардың өзі батып қалып, шыға алмай қиналады. Әкімдіктегілер болса, базар маңындағы жолды қайта жөндеу жұмыстарын тамыз айында аяқтаймыз деп отыр.

Айбек Қайыр, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Тамыз айына дейін сол жолды береміз. Ол жолды жапқан кезде доступный проезді қараймыз ғой, жоспарлаймыз, қараймыз. Қазір республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр тағы. 300 млн жетіспей отыр.

Оңтүстік айналма жолды қайта жөндеуге 7,5 млрд теңге қарастырылған. Жолдағы жұмыстар осы жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. Ол үшін жетпейтін қаражат аударылуы тиіс. Ал оған дейін нәпақасын сауда-саттықтан тауып жүргендер қайтып амалдарын білмей дал болуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: