Нығматулин: Жеңіс күні – асқақ рух пен өшпес ерліктің мерекесі

Ж.Құспанов
Әрқайсымыздың қасиетті парызымыз – ұлы құндылықтар – бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне майдандағы жеңістері үшін алғыс білдіріп, ерлік пен батырлықтың үлгісіне айналған 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады.

- Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ерен ерліктің, асқақ рухтың және қаһармандық пен қайсарлықтың, батылдық пен бірліктің символы. Осыған орай, болашақ ұрпағына бақыт сыйлап, майдан даласында ерлік танытқан және тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлерімізге бас иіп, тағзым етеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетіп, майдандағы жауынгерлердің ерлігі туралы мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да, біздің әрқайсымыздың қасиетті парызымыз – ұлы құндылықтар – бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин елімізге тыныштық, барша халыққа зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды