Түрмеден босап шыққан досы бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматқа есепке тұрма және пробация қызметіне тіркеуге бармай-ақ қой деп кеңес берген, деп хабарлайды zakon.kz.
Досының кеңесін тыңдаған ол басқа ауылға кетіп, 7 ай бойы пробация бақылауынан жасырынып жүрген.
2020 жылы ол азық-түлік ұрлағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны 10 күн ішінде пробация қызметіне есепке тұруға міндеттеді. Алайда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған досының жақсы кеңесі бойынша сотталған адам бақылаудан жалтаруға шешім қабылдаған. Ол тіпті досының жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанын білмеген. Кеңес берген досының өзі бұған дейін пробация қызметінің бақылауынан жалтарғаны үшін сотталып кеткен болатын, - деді пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қазкен Бодаев.
Ол есепке тұру үшін пробация қызметіне келген жоқ. Біз алғашқы іздестіру іс-шараларын бастадық, сот қаулысы бойынша жазадан жалтарған сотталғанды "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеу жарияланды, - деп толықтырды Қазкен Бодаев.
Аңғал сотталған досының осындай кеңеспен оны жаңылдырғанын түсініп сот отырысында өз кінәсін мойындады. Енді ол досының ізімен, түзеу мекемесіне жіберіліп, бас бостандығын шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, 3 жылын темір тордың арғы жағында өтейтін болады.