Калифорнияда Тынық мұхитының жағасына ерекше балық шығып қалған, деп хабарлайды zakon.kz.
CNN-дің хабарлауынша, бұл балық үлкен тереңдікте тіршілік етеді және су бетіне сирек шығады.
Ол ғылыми және білім беру мақсатында зерттеуге алынды.
Футбол добы-балығы - жыртқыш балықтардың 200-ден астам түрінің бірі. Ол теңізде бір шақырымнан астам тереңдікте өмір сүреді. Судағы денесі идеалды сфералық пішінге жетуіне байланысты доп-балық деп аталған. Олардың аузы үлкен болады - өз денесінің көлеміндей, олжасын сорып, жұтып қоюға қабілетті.