"Алтын белгі" үміткерлерінен емтихан алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

sputnik.kz
12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, "Алтын белгі" иегерлерінің тізімі бекітіледі.

Ендігіден былай, "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, деп хабарлады zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі бекітіледі. 2020-2021 оқу жылында "Алтын белгіге" 9 822 оқу озаты үміткер болып отыр.

"Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, "Алтын белгіні" тапсыру туралы шешім қабылдайтын. Ал қазір кеңестік кезеңдегідей емтихан жұмыстарын облыстық немесе Республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы жанындағы комиссия тексереді. Комиссия құрамына білікті, тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Осыдан кейін ғана мектеп үздік оқушылардың тізімін бекітеді", – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Биыл 11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. 12 маусымға дейін емтихан жұмыстарының қорытындысы шығарылып, "Алтын белгі" иегерлерінің тізімі бекітіледі.

2020-2021 оқу жылында 3,4 млн астам оқушы мектептерде білім алды. Олардың 150 мыңға жуығы 11 (12) сыныпты аяқтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды