Бармақовтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

Inbusiness.kz
Олар бұл ваканцияның бос тұрғанын атап өтті.

23 сәуірде Сайранбек Бармақовтың "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ-тың Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалғаны туралы хабарланды, алайда бүгін, 12 мамырда бұл ақпарат теріске шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасының тағайындауымен байланысты таратылған ақпаратқа қатысты түсінбеушілік орын алды. Ол үшін кешірім сұраймыз. Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындалмады және тағайындалмаған, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Олар бұл ваканцияның бос тұрғанын атап өтті.

20 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен жөндеу бойынша тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда деп мәлімдеді. Осы саладағы бақылауды әлсіреткені үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Бармақов, БҚО, СҚО, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Шакимов, Турков және Калауов қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды