Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады 

Ақорда
Ардақты ағайын дейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Президенттің құттықтау сөзі Ақорда сайтында жарияланды:

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды.

Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді.

Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады.

Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін!

Ораза айт құтты болсын!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі