Қазақстан жекелеген өнім түрлерінің айналымы туралы ЕАЭО келісімін ратификациялады

inbussines.kz
Заңның мақсаты - ЕАЭО аумағында айналымға түсетін барлық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мақсаты - ЕАЭО аумағында айналымға түсетін барлық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бұрын түсіндіріп өткендей, бүгінгі таңда тауарлардың 85% -ы Одақтың бірыңғай техникалық регламенттерімен реттелген: тамақ өнімдері, балалар өнеркәсібіне арналған тауарлар, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және тағы басқалары.

Осы заң өнімнің келесі түрлерін реттеуді көздейді: Одақтың бірыңғай техникалық регламенттері қабылданбаған немесе әлі күшіне енбеген тауарлар; Одақ деңгейінде белгіленген, бірақ өнімнің бірыңғай тізіміне енгізілмеген тауарлар.

Заңның мәтіні алдағы күндері баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай