АвтоВАЗ Lada Granta-сына жаңа мотор орнатпақ 

kolesa.kz
Жаңа қозғалтқыш қойылған Lada Granta жақында сатылымға шығады.

ВАЗ-дың ең танымал моделіне түрленген 8 клапанды 1.6 литрлік мотор орнатылды. Оны алдымен рестайлингтен өткен Largus универсалы иеленген. Алайда бұл ақпарат әлі ресми емес, тек Avtograd news парақшасында жарияланды, дейді kolesa.kz.

Бұрын хабарланғандай, ВАЗ-11182 индексімен жақсартылған агрегат әзірлеу бұрынғы ВАЗ-11189-дың қуатын 87-ден 90 ат күшіне, ал айналу моментін 140-тан 143 Нм-ге арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мотор біршама үнемді бола түсті. Егер газ тарататын механизм үзіліп кетіп, клапан бүгіліп қалмаса, 90 мың шақырымға дейін жол жүргенде оны реттеудің қажеті жоқ.

Жаңа қозғалтқыш қойылған Lada Granta жақында сатылымға шығады. Машина брендтің ресми сатушыларына маусымда жеткізіледі. Айта кетейік, "Гранта" қазір де 98 және 106 ат күшін беретін 1.6 литрлік өнімді моторлармен жабдықталады. Ал қолжетімді трансмиссиялар тізімінде бес сатылы механика, робот және төрт диапазонды автомат бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін