Түркияда локдаунның күші жойылды

Turkiye24.net
Қалыпты өмір салтына оралу күнтізбесін 17 мамырдан бастап жариялаймыз. Бұл - біздің үкімет отырысының күн тәртібіндегі маңызды басты мәселелердің бірі болмақ - Режеп Тайып Ердоған.

17 мамырда Түркияда енгізілген локдаунның күші жойылды, енді мемлекет қатаң бақылаудан кейін қалыпты өмірге кезең-кезеңімен оралуға көше бастайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осындай үндеу жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен бірге, ол билік жұмысына пандемия көп кері әсер еткендер жайлы біліп отырғанын баса айтты және бұл проблемаларды жақын арада жоюға уәде берді.

Қалыпты өмір салтына оралу күнтізбесін 17 мамырдан бастап жариялаймыз. Бұл - біздің үкімет отырысының күн тәртібіндегі маңызды басты мәселелердің бірі болмақ, - деді Режеп Тайып Ердоған.

Сондай-ақ, түрік лидері бұл шаралар мектептерді ашу үдерісімен қатар күшіне енетінін атап өтті. Сонымен бірге, Ердоған пандемия қазіргі уақытта белгілі бір шектеулерді жоюдың шарттары мен мерзімін әлі нақтылауға мүмкіндік бермей отырғанын баса айтты.

Түркияда коронавирусты жұқтырғандар санының күрт өсуі наурыз айында басталып, 16 сәуірде ең жоғары деңгейге жетті, бұл кезде көрсеткіш 63 082 жаңа жағдайға жетті. Осыған байланысты түрік билігі 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында бүкіл елде локдаун енгізді. Ішкі істер министрлігі рұқсатын алғандардан басқа барлық кеңселер мен жұмыс орындары жабылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі