Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді

Ақорда
Құттықтаулар толассыз келіп жатыр.

17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының туған күні қалай өтіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралының өкілдері хабарласып, "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деп сұрап жатыр. Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік. 17 мамыр, әдеттегідей, жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған", - деп жазды Берік Уәли facebook парақшасында.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ телефон шалып құттықтауда. Құттықтаулар толассыз келіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды