Атынан ат үркетін Есілдің сол жағалауында да сау көше санаулы. Елордада жаяу да, көлікпен де жүру қорқынышты қазір. Нұр-сұлтан қаласы 4 ауданға бөлінген. Сарыарқа, Алматы, Есіл, Байқоңыр. Бірақ жол салатын, асфальт төсейтін, миллиардтарға құныққан мердігерлер қорықпайды ешкімнен. Астананың қай жеріне барсаңыз да тұрғындардың айтатыны бір мәселе, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Өлмесхан Мәтен, қоғам қайраткері:
Бүкіл ел елордаға қарап көз тігеді, бой түзейді. Құрылысшылар да үлгі алады. Нұр-сұлтанның шеті емес, ортасы, Мәңгілік елдің бас даңғылдың жанында, Бөкейхан мен Орынбор көшесінің қиылысы. Тротуармен келдік. Қараңызшы. Мына жерге төсемеген. Ойықтарды қара. Бері қарай бұрылғанда қара жол. Мұның ақшасы игерілді. Қабылдаған актісі қайда?
Күнде кешкісін серуенге шыққанда көретін көрініс әбден қынжылтыпты кейіпкерімізді. Қызылорданы қимай, астананы арман қала деп көшкен Өлмесхан аға бір өкініш, бір өтініш айтты бізге.
Өлмесхан Мәтен, қоғам қайраткері:
Мұның бәрі нені білдіреді. Тәртіп жоқ. Жауапсыздық. Бір жасаған жол кейде 3-4 жылға жетсе айналайын ғой. Жылда жасалып жатыр. Ол деген ғаламат ақшалар ғой.
Көшелерді аббаттандыру туралы ереже бойынша 326 бұйрық бар екен. Алайда, қазір қалалық мәслихаттың шешімімен ол бұйрықтың күші жойылған.
Руслан Сардаров, Есіл ауданы инфрақұрылым бөлімінің бас маманы:
Заң бойынша алып тастаған. Бірақ қазған компания сол жерді қайтадан қалпына келтіруі керек. Су құбырын, жылу құбырын. Асфальт төсегендер жасамайды.