Вакцинаның біразын түрмедегілерге тықпалап тастадық 

polisia.kz
Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды

Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таразда ЖД-158/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Иммундаудың екінші кезеңінде аталған мекемедегі 148 cотталған екпе салдырды. Індеттің тезірек жойылып, қалыпты қалпына қайта оралуды қалайтын жазалы жандар мекемеде сақтық шаралары қатаң ескерілетінін атап өтті.

– Сақтансаң, сақтайды! Сол себепті, өз басым денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауды жөн санадым, – дейді Данияр есімді жазасын өтеушінің бірі.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші 2380 сотталған бар. Азаматтардың 1779-ы вакцинацияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі