Алматылық жол салушы мердігер компаниялар лицензиясынан айырылды

Ашық дерекөздерден алынды
Тексеру нәтижелері жұмыстардың жобалық шешімге сай болмағанын және құрылыс нормалары мен ережелерінің жиі бұзылғанын көрсетті.

Қала құрылысын бақылау басқармасы "Есік Жолдары" ЖШС мен "АлматыДорСтрой" ЖШС-ін Наурызбай ауданындағы күре жолдарды сапасыз салғаны үшін лицензиясынан айырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

"Тексеру нәтижелері жұмыстардың жобалық шешімге сай болмағанын және құрылыс нормалары мен ережелерінің жиі бұзылғанын көрсетті. Біздің тараптан мердігер ұйымдарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды және материалдар сотқа жіберілді. ААӘС біздің талабымызды қанағаттандырып, мердігерлерді құрылыс жүргізу жөніндегі лицензияcынан айырды", делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, екі компания да құрылыс нарығындағы ірі жол салушылар және Алматыда бірнеше жылдан бері жол салып келеді.

Бұдан өзге, ведомство Алматы көшесінің бойында жол құрылысын жүргізген тағы бір мердігер ұйым ДСУ-13 материалдарының сотқа берілгенін ескертті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды