Нұр-Сұлтанда III Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Форум Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтанда 2021 жылдың 28 мамырында онлайн форматта III Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді. Жетекші мамандар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәжірибе мен инновациялық шешімдер алмасу үшін бірыңғай диалог алаңына жиналады, деп хабарлайды zakon.kz.

Халық арасында энергия үнемдеуді танымал ету мақсатында форум ұйымдастырушылары "Энергия үнемдеу балалар көзімен" атты үшінші республикалық балалар суреттер байқауының және мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергиятиімді бюджеттік мекеме" атағына үшінші конкурстың басталуын жариялады, оның ішінде алғаш рет Энергия аудиторлар мен энергия менеджерлер арасында кәсіби марапат беріле отырып конкурс өткізілетін болады.

Форум Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің қолдауымен "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ атынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Форум туралы толық ақпарат, қатысушыларды тіркеу eeq.kz сайтында орналасқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды