Тоқаев Тәжікстанда жүр

Facebook/Берік Уәли
Қазақстан Президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді. Бұл – Қазақстан Президентінің 2021 жылғы алғашқы шетелдік сапары, деп хабарлайды zakon.kz.

Тоқаевтың баспасөз хатшысының хабарлауынша, Қазақстан Президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді, делінген хабарламада.

Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның Премьер-Министрімен кездеседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды