Каспийде Қазақстан мен Ресей әскери теңізшілерінің бірлескен жаттығуы өтуде

ҚР ҚМ
Бірлескен оқу-жаттығуды Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басқарады.

Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің және Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флотилиясының бірлескен оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш оқу-жаттығудың тақырыбы – Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Экономикалық қызметтің объектілерін қорғау.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының жедел тобы, әскери-теңіз базасының бөлімшесі, "Орал" және "Маңғыстау" зымыранды-артиллериялық корабльдерінің, "Жайық" гидрографиялық кемесінің экипаждары қатысады. Бұдан өзге, оқу-жаттығуға майдан ұшақтары мен армия авиациясының тікұшақтары жұмылдырылды.

Бірлескен оқу-жаттығуды Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басқарады.

Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери теңізшілері Қазақстан мен Ресей су айлағында орналасқан Каспий теңізінің полигондарында жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындауы тиіс.

Атап айтқанда, экономикалық қызмет объектілерін күзету мен қорғау жөніндегі міндеттерді пысықтап, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Кемелердің экипаждары шартты әуе қарсыласының шабуылына тойтарыс беру жөніндегі іс-шаралар кешенін, әуе және теңіз нысандарына артиллериялық атыстар жүргізуді орындайды, сондай-ақ шартты түрде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету жөніндегі міндеттерді пысықтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді