Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулер, сондай-ақ оған қосымша түзету мен өзгертулері бар құжаттар топтамасын қабылдады. Оған сәйкес, "Бәріне қарсымын" деген бюллетеньдегі баған қалыпқа келтірілетін болды және партиялар үшін Мәжіліске өту шегін 7% -дан 5% -ға дейін төмендетілді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Енді аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлауда сайланады. Сайлауға жасы 25-ке толған азаматтар қатыса алады. Сайлау науқанына қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл нормалар сенаторлар қабылдаған "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңында жазылған.
Саяси партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Сонымен қатар дауыс беру бюллетеньдеріне "бәріне қарсымын" деген баған қосылады. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиға. Мемлекет басшысының осы бастамасы еліміздің саяси жүйесін одан әрі дамытуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Сондай-ақ, жергілікті әкімдердің сайлауын өткізу басқару жүйесінің тиімділігін арттырады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.