Президент Тәжікстанның премьер-министрімен кездесті

Ақорда
Мемлекет басшысы қазақ тарапы ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша конструктивті және нақты жұмыстар жүргізетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге ресми сапарының соңында Тәжікстанның Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кохир Расулзодаға Тәжікстан Президентімен өткізген келіссөздердің негізгі нәтижелері туралы айтты. Қазақстан Президенті екіжақты үкіметаралық комиссияның тетіктерін пайдалануға қатысты уағдаластыққа қол жеткізілгені және Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы уақытта жасайтын мемлекеттік сапары аясында қосымша келісімдер әзірлеу жөніндегі жоспары жайында атап өтті.

Мемлекет басшысы қазақ тарапы ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша конструктивті және нақты жұмыстар жүргізетінін жеткізді.

Кохир Расулзода Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары екі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өтіп жатқанын және оның символдық мәні бар екенін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері арасында жасалған бүгінгі уағдаластықтардың орындалуына, атап айтқанда, сауда-экономикалық әлеуетті және инвестиция көлемін одан әрі арттыруға баса мән берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі