Әлия Шалабекова Экология вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz
Ол 2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлия Лазаревна Шалабекова Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлия Шалабекова 1976 жылы Қостанай облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Колумбия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Әділет министрлігінің Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.

1999-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

2008-2012 жж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2012 жылғы мамыр-шілде аралығында – "Нұр Отан" ХДП Жоғары партия мектебінің сараптау және үйлестіру секторының меңгерушісі.

2014 жылғы маусым-қазан аралығында – ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының м.а.

2014-2019 жж. – ҚР Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерде болды.

2019-2020 жж. – ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры.

2020 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ЭГТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды