Елімізде дала жануары төлдеу кезінде фото және видео түсірілімдерге тыйым салынбақ

АСБК
Адам иісі сіңген төлді енесі үркіп, бауырына алмай қояды.

"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған Альмира Тұрсынның киіктің құралайын құшақтап түскен суреті жұрттың наразылығын тудырды. Осыдан кейін елімізде дала жануары төлдеу кезінде фото және видео түсірілімдерге тыйым салу жайы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабар-24-тің хабарлауынша, актрисаның өзі фотоссесияны қоршаған ортаны қорғау министрлігінің рұқсатымен жасағанын мәлімдеді. Тіпті ақбөкенге зиян тигізбес үшін түсірілімнің жедел өткенін және төлді аса сақтықпен ұстағанын айтады. Ал мамандар киіктің төлдеу кезеңінде адамның түз тағысына жуымағаны жөн дейді.

Айтуар Туғанбеков, зоолог:

Адам иісі сіңген төлді енесі үркіп, бауырына алмай қояды. Осы түсірілімде көрсетілген киік баласының тең жартысы азықсыз қалып өліп қалуы да бек мүмкін. Фотосессияға рұқсат берген экология министрлігі алдымен табиғат қорғау принциптеріне сүйенуі керек. Нақтырақ айтсақ, табиғи процеске барынша кедергі жасамау керек, әсіресе жануардың төлдеуі кезінде бұл мәселе маңызды. Ал жаңа туған құралаймен суретке түсу мұндай принципке сай келмейді.

Ал қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өз уәжі бар. Сала мамандарының айтуынша, киік төлін адамның ұстағанынан, оған еш зиян келмейді.

Жүсіп Қусайын, қорықшы:

Өзім екі жыл бұрын бинокльмен қарап, киіктің лағын қашып бара жатып, ар жағынан анасы келіп соны емізген. Өз көзіммен көргем. Қызыл кітапқа енген киіктің жаңа туған төлін құшақтап суретке түсу кейінгі кезде сәнге айналған тәрізді. Осыған орай экология министрлігі бейне фото түсірілімдерге толық тоқтау салды.

Айта кетейік, осы салаға жауапты экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары болған Ерлан Нысанбаев қызметінен босатылды. Оның орнына Әлия Шалабекова тағайындалды. Ол осыған дейін ведомствоға қарасты трансшекаралық өзендер департаментін басқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты