Ashyq қосымшасы неге істен шықты

zakon.kz
Кеше техникалық ақаулар болды. Өйткені бұл қосымшаны ұлттық IT-оператор - "ҰАТ" АҚ серверлеріне толығымен өткізуге байланысты көрінеді.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq қосымшасының 20 мамырда істен шығу себебін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ақаулар болғаны рас. Бізде кеше техникалық ақаулар болды. Өйткені ол біздің қосымшаны ұлттық IT-оператор - "ҰАТ" АҚ серверлеріне толығымен өткізуімізге байланысты болды. Тағы айта кетер жайт, кеше адамдар ағыны көп болды, сондықтан техникалық қателіктер орын алды. Қазір барлық мәселелер шешілді, - деді ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры.Бекболат Молдабеков.

Оның айтуынша, қазір қосымшаны 1 миллион 600 мың адам белсенді түрде қолданады, оның үстіне қолданушылар саны күн сайын өсіп келеді.

Жүйені ұлттық операторға бергендіктен, ол ауыр жүктемелерге төтеп бере алады. Бүгіннен бастап мұндай проблемалар болмайды деп ойлаймыз. Сонымен қатар, жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін басқа балама шешімдер де жасалды, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар байқалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме