Алматы мектептерінде соңғы қоңырау шарасы қалай ұйымдастырылатыны айтылды

almaty.tv
Аттестатты табыстау күндіз мектептер аумағында өтеді. Үлкен салтанатты шараға тыйым салынады.

Алматыда биыл 25 мамырда мектеппен қоштасудың дәстүрлі форматы қайта қарастырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

Алматы қалалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Жұманов өз мекемесі мектеп басшылықтарына соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуге кеңес бергенін, ал түлектер үшін бұл шараға тыйым салынбағанын айтты.

Биыл 9 және 11 сынып оқушылары үшін "бір сынып - бір жиын" қағидаты бойынша, "Соңғы қоңырау" шараларын өткізу ұсынылады. Сондай-ақ мектептегі іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып ұйымдастырылатын болады, - деді Жұманов.

Айта кетсек, биыл 11 337 оқушы 11-сыныпты тәмамдайды. Мектеп бітіру шарасы 12-14 маусым аралығына жоспарланған.

Аттестатты табыстау күндіз мектептер аумағында өтеді. Үлкен салтанатты шараға тыйым салынады.

Биыл 647 түлек төрт емтихан тапсыру арқылы "Алтын белгі" мәртебесін қорғайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі