Қарағанды облысында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Елорда әкімдігі
Өңірде жаңа өнеркәсіп нысандары іске қосылды. Жалпы құрылыс көлемі 2,8%-ға ұлғайды.

Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы өсуде. Кезекте тұрғандарды пәтерлермен қамтамасыз ету туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Желтоқсанға қарай 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ширек есе көп. Ал алдағы үш жылға жылына бір миллион шаршы метр көрсеткішке шығу міндеті қойылды, – деді облыс әкімі. – Осы жылдың соңына дейін кезекте тұрған 2 866 отбасын бюджеттік тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Оның 600-і көпбалалы отбасылар, - деді облыс әкімі.

Төрт айда облыста 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өсті.

Өңірде жаңа өнеркәсіп нысандары іске қосылды. Жалпы құрылыс көлемі 2,8%-ға ұлғайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды