Ashyq қателессе не істеу керек - ресми өкіл жауабы

zakon.kz
Негізінен, мұндай қателіктер болмауы керек, өйткені Ashyq ЖСН енгізген кезде бірден Денсаулық сақтау министрлігінің базасына шығып, ПТР-тест нәтижесін сұрайды.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков Ashyq адамға қате мәртебе танса, не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұл ретте белгілі бір алгоритм бар. Бізде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері немесе әр мекемеде телефон бар. Әуежайда да дәрігерлердің жеке бөлмесі бар. Негізінен, мұндай қателіктер болмауы керек, өйткені Ashyq ЖСН енгізген кезде бірден Денсаулық сақтау министрлігінің базасына шығып, ПТР-тест нәтижесін сұрайды. Бірақ егер шынымен де түсініксіз жайт орын алса, СЭС өкілдері әуежайда отырады, олар мәселені бірден шешеді, базаға кіріп, жағдайды түзетеді, - деді Бекболат Молдабеков.

Айта кетсек, 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар байқалды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кеше жүйе ұлттық ақпараттық технологиялар операторы "ҰАТ" АҚ серверлеріне өткенін хабарлады.

Бірақ бұл жайынан қосымшаны қолданатын барлық нысандарға ескерту берілді, сондықтан әуежайға кіріп-шығу бойынша ешқандай кедергі болған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды