Еуроодақтың 27 елінде COVID-сертификат енгізіледі

tourprom.ru
Туризмге тәуелді мемлекеттер осы сертификаттың қабылдануын жақтады.

Еуроодақ елдерінің азаматтары карантин және басқа да шектеулерге алаңдамай, блоктағы 27 елде жазғы демалыстарын еркін өткізе алады. ЕО COVID-сертификат енгізеді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Еуропа одағының заң шығарушылары еуропарламенттің 20 мамырдағы отырысында ортақ келісім қабылдады. Келісімге сәйкес, ЕО-ның 27 еліндегі азаматтар цифрлы рұқсат қағаз алады. Онда вакцинация мәртебесі, COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесі немесе коронавирустан емделгелі туралы ақпарат болады.

Бұның алдында Еуроодақ COVID-сертификатын биыл маусымға қарай енгізгісі келетіні хабарланған.

Туризмге тәуелді мемлекеттер осы сертификаттың қабылдануын жақтады.

ЕО блогының ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, сертификат қолдан деп ешкімді мәжбүрлемейді, сертификат вакцинация паспорты деп саналмайды. Сертификат азаматтарды алалайтын құжат болмауы тиіс.

Вакцина егу науқаны қарқын алып, COVID-19 беті қайтқан соң, Еуроодақ елдері карантин талаптарын жұмсартуға көшті. Блок елдері жазғы туристік маусымда жергілікті экономиканы жақсартуды көздейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды