Бүгін Сочиде Путин мен Жапаров келіссөздер жүргізеді

elgezit.kg
Талқылауға арналған негізгі тақырыптардың ішінде екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер және Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайдың ушығуы да бар.

Ресей президенті Владимир Путин мен оның қырғызстандық әріптесі Садыр Жапаров дүйсенбі, 24 мамырда Сочиде келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Талқылауға арналған негізгі тақырыптардың ішінде екіжақты күн тәртібіндегі мәселелер және Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайдың ушығуы да бар. Бұл - екі ел басшыларының екінші рет кездесуі. Соңғы рет олар үш ай бұрын, яғни 24 ақпанда Мәскеуде, Жапаровтың Ресейге алғашқы жұмыс сапары кезінде болған.

Кремльдің баспасөз қызметі келіссөздер барысында мемлекет басшыларының стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың, сондай-ақ Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимылдың әрі қарайғы дамуын қарастыруды жоспарлап отырғаны туралы хабарлады.

Айта кетсек, 29 сәуірде түстен кейін Қырғызстан мен Тәжікстанның әскери қызметкерлері мемлекеттік шекарада атысты. Сол күні кешке олар атысты тоқтатынжарын жариялады. Алайда, кейінірек аты қос тараптан қайта жаңғырды. Жанжал салдарынан екі жақтан 200-ден астам адам жарақат алып, 50 адам қаза тапты.

30 сәуірде кешке қарай қос тарап өзара бітімге келді. Тәжікстанның әскери күштері Қырғызстан аумағынан 1 мамырда кері қайтты.

Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері жағдайды талқылап, екі елдің шекарасындағы барлық әскери техникаларға тексеру жүргізу үшін бірлескен комиссия құруға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды