Вице-министр Ashyq-тағы ақау үшін кешірім сұрады

zakon.kz
Барлық жоғары санатты мамандар, олар қызметтердің тұрақтылығы мен өнімділігін қамтамасыз етеді деп ойлаймын - выице-министр.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысындағы ақаулар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ashyq-тағы ақаулар мен техникалық мәселелерге қатысты, мен ел азаматтарынан туындаған қолайсыздықтар мен проблемалар үшін кешірім сұрағым келеді. Жоғарыда айтқанымдай, мемлекет Ashyq жүйесін қабылдап алды, яғни соңғы күндері "Ұлттық ақпараттық технологиялар" операторына көшіп, соған жан-жақты бейімдеу процесі жүрді. Енді техникалық ақаулар мәселесін біздің ұлттық оператор қадағалайтын болады. Барлық жоғары санатты мамандар, олар қызметтердің тұрақтылығы мен өнімділігін қамтамасыз етеді деп ойлаймын, - деді Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар байқалды.

Келесі күні Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақаудың қосымшаны "ҰАТ" АҚ серверлеріне қосумен байланысты орын алғанын айтып, жағдайды түсіндірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады