Қырғыз президенті жұмыс бабымен Ресейге аттанды

Sultan Dosaliev
Жапаров Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 24 мамырда жұмыс бабымен Сочи қаласына ұшты, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапаров Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Президенттер екі ел әріптестігінің өзбекті мәселелерін талқылайды.

Аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, - делінген ресми мәліметте.

Мәліметтерге қарағанда, Қырғызстанның ресми делегациясының құрамында сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, президент әкімдігінің өкілі Дастан Дюшекеев, сонымен бірге қырғыздың Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат бар.

Бұған дейін хабарланғандай, Жапаров пен Путин қырғыз-тәжік шекарасындағы тұрақтылық секілді аймақтағы өзекті мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Еске салайық, 8 мамырда Владимир Путин Мәскеуде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, тәжік-қырғыз шекарасындағы оқиға жөнінде әңгімелесті.

28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада қарулы жанжал болып, ондаған адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады