Мамин халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

zakon.kz
Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 млн екпе жасалды, оның ішінде 2 млн адам бірінші компонентті, 1 млн адам екінші компонентті алды. Елде вакциналардың жеткілікті көлемі бар.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады, делінген primeminister.kz сайтында.

Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-бен ауыру жағдайының тұрақтануы байқалады. Вирустың репродуктивті индексі – 0,95. Инфекциялық төсек орындар 33%-ға, реанимациялық төсек орындар 26%-ға толы. 6 өңір "қызыл" аймақта тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 3 млн екпе жасалды, оның ішінде 2 млн адам бірінші компонентті, 1 млн адам екінші компонентті алды. Елде вакциналардың жеткілікті көлемі бар, олардың қоры толықтырылып отырады. Егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Үкімет басшысы халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.

Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту – пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет, — деді Мамин.

Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "Ashyq" қосымшасын "Вакцинация" модулімен және "Egov"-тағы вакцинация паспортымен интеграциялау бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды