75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды

Алматы ӨКҚ
Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды.

75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 52 512 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 19 622 – орыс тілінде, 182 – ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 68,94 құрайды, ең жоғары балл – 138, дейді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижелері жойылды, – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеуге кіргізу кезінде 8 түлектің дене қызуы көтеріліп, бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз