Бейбіт Ыстыбаев өз өміріндегі ыңғайсыз жайт туралы: "Жынды боп қалған ба" дедім

Ол өмірінде жетістікке жеткен сайын дұшпандар қарасы көбейе беретініне көзі жеткенін айтты.

"Қазақстан Барысының" үш дүркін иегері Бейбіт Ыстыбаев өз сұқбатында өміріндегі ыңғайсыз оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өмірінде жетістікке жеткен сайын дұшпандар қарасы көбейе беретініне көзі жеткенін айтты. Оның ішінде, тіпті танымайтын, араласпаған адамдар да болатынын жеткізді. Бұл туралы Youtube-тегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасындағы сұқбатында мәлім етті.

"Бейбіт ішіп алып, әке-шешесін сабайды" депті. Танымайтын, мені білмейтін біреу болса, жарайды, дейсің. Күнде ағалап-көкелеп, батасын алып жүрген адамын. Жоғарыдағы кісілерге солай деп жамандайды. Мен түк түсінбей қалдым. "Жынды болып қалған ба" дедім. Содан жылап тұрып айттым бір кісіге осыны. Мен 10 мың доллар тапсам, 1 мыңын алып қалып, қалғанын әкеме беремін. Ұтып алған көліктерімді бердім, ол кісі үш-төртеуін біреулерге сыйға тартты. Ондайына араласпаймын. Керісінше, ата-анам сұраған нәрсені тауып бере алмай қаламын ба қауіптенемін, содан қорқамын. Әке-шеше әр бала үшін ардақты. Қалай күймейсің мұндайда. Таза өтірік. Сол кезде ол кісі: "Бейбіт, демек сені жамандаса, онда өсіп-өніп жатқанын", - деді. Содан ұқтым, адам көп жетістікке жеткен сайын дұшпандары көбейе береді екен. Мен бүкіл Қазақстанның облысында болып, бас жүлдені - көліктерді ұтып кеттім, тек Шығыс Қазақстан облысында ғана жолым болмады. Әйтпесе күш жағынан ешкімге дес бермедім. "Бармай-ақ қойыңдар дейтінмін жігіттерге, мен барамын, ұтамын деймін, расында ұтамын...

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: