Алматыда екпе алғандарға түрлі қызметтер жеңілдік ұсынып жатыр

Вакциналау төлқұжатын көрсетсе, сол адамға үнемі тұтытынып жүрген түрлі тауарлар мен қызметтер бойынша белгілі бір жеңілдіктер беріледі.

Алматы қаласында 25 мамырда Qamqor акциясы басталды. Бұл акцияны ұйымдастырушылар - Бостандық аудандық әкімдігі және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Бостандық аудандық филиалы, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Акция қала тұрғындары мен қонақтарына COVID-19 вакцинасын алуға ынталандыру мақсатында кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтеріне әртүрлі жеңілдіктер ұсынады. Вакциналау төлқұжатын көрсетсе, сол адамға үнемі тұтытынып жүрген түрлі тауарлар мен қызметтер бойынша белгілі бір жеңілдіктер беріледі.

Бұл жобаға Бостандық ауданының кәсіпкерлік нысандары қатысады, мысалы:

"KINOPARK 5" кинотеатры, (Тимирязева көшесі, 42) "Atakent Mall" ӘКК - 20% жеңілдік;
"Brooklyn fitness gym" фитнес орталығы (Керемет ықшам ауданы, 7) - 20% жеңілдік; "Трансформа" сахна өнері театры (Байзакова к-сі, 280) - 5% жеңілдік;
Almaty Doner қоғамдық тамақтану орны (Абай даңғылы, 34) - 10% жеңілдік;
GAME ON компьютер клубтарының желісі, (Керемет ықшам ауданы, 7); (Розыбакиева көшесі, 111); (Бұқар жырау көшесі 27/5, блок 1) - 20% жеңілдік;
"Coffee and parfait bar" кофеханасы ("Esentai Mall" ӘКК, 4 қабат) - 20% жеңілдік;
"Әсем тау" демалыс орны (Алмарасан шатқалы) - 10% жеңілдік;
"Tsarskaya" қоғамдық моншасы (Розыбакиева к-сі, 187) - 10% жеңілдік;
METRO ойын-сауық орталығы/ боулинг, бильярд, картинг, караоке (Жандосова даңғылы, 2б) - 10% жеңілдік.

Аудан кәсіпкерлері коронавирус пандемиясымен күреске осылайша өз үлестерін қосқысы келеді. Сондай-ақ олар еліміздің барлық кәсіпкерлерін осы акцияны қолдауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: