Бірқатар микроқаржы ұйымы мен ломбардқа шаралар қолданылды

prodengi.kz
"ҚазАқша", "Квику" және "ОнлайнКазФинанс" микроқаржы ұйымдарына барлығы 583 400 теңге айыппұл салынды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы 12 айда (2020 жылғы сәуір – 2021 жылғы сәуір аралығында) екінші деңгейдегі банктерге қатысты 9 айыппұл, бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне 2 айыппұл, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға 240 жазбаша ұйғарым және 233 айыппұл қолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы сәуірде "Ломбард Сатуар" ЖШС-ға қатысты ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарды тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ұйғарым жасалды.

"ҚазАқша", "Квику" және "ОнлайнКазФинанс" микроқаржы ұйымдарына барлығы 583 400 теңге айыппұл салынды. Дәйексіз көрсетілгені, сондай-ақ сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асып кеткені үшін санкциялар қолданылды.

Агенттік ағымдағы жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерге, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды