Деградация. Қазақстанда 21 млн гектар жайылым тозып кетті

otyrar.kz
Ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66%-ы өндіріледі.

Аграршыларға ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жан-жақты көмек беру қажет. Бұл туралы сенатор Сұлтан Дүйсембинов бүгін өзінің депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сенатордың айтуынша, қазіргі уақытта дамыған елдердің барлығы ауыл шаруашылығында кооперация тетігін табысты пайдалануда. Бұл ауылдық жерлерде еңбек өнімділігін арттыруға, қала халқын сапалы жəне арзан тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге, тұрақты жұмыс орындарын ашуға зор септігін тигізеді.

Бүгінде ауылдық елді мекендерде мал шаруашылығы өнімінің 66%-ы өндіріледі. Бірақ мұндай орасан биологиялық актив мемлекеттік қолдаудан тыс қалып, заманауи технологиялық процестерге тартылмай отыр. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтендіру бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс үйлестірілмегендіктен нәтижелі болмай отыр, - деді сенатор.

Сұлтан Дүйсенбинов жер мәселесін ұлттық деңгейдегі маңызды жоба ретінде жүйелі түрде қарастырмаса жайылым мәселесі шешімін таппайтынын атап өтті.

Дегенмен жайылымдық жерлердің тапшылығы барлық облыстар бойынша орын алып отыр. Мәселен Түркістан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ауыл тұрғындары жайылымдардың жетіспеушілігінен зардап шегуде. Елді мекендерде малдың 80%-ға жуығы ауыл шегінде және оның айналасында жайылатындықтан бұрын бөлінген шамамен 21 млн га жайылымдық жер деградацияға ұшыраған, - деді Сұлтан Дүйсембинов.

Сенатор жайылымның тапшылығын шешу үшін жайылымдарды ұзақ мерзімді басқару жөніндегі жоспарларды бекіту қажет екенін және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізу керек екенін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады