Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында "Bus Lane" іске қосылады

astana.gov.kz
Автобус желісін енгізу жол жүру уақытын 8 минутқа қысқартады.

29 мамырдан бастап Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген "Bus Lane" жолағы іске қосылады, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні ол елорданың әлеуметтік және мәдени нысандарын байланыстыратын негізгі көлік тораптарының бірі. Бұл желімен үлкен сұранысқа ие 5 бағдар өтеді: №40, 50, 51, 53, 61. Өз кезегінде, автобус желісін енгізу жол жүру уақытын 8 минутқа қысқартады. Нақтырақ айтсақ, автобус "Bus Lane" арнайы бөлінген жолақпен екі бағытта жүріп өткен кезде жол жүру уақыты 20 минутты, жолақсыз 28 минутты құрайды.

26 мамырда Қабанбай батыр даңғылында "Bus Lane" автобус желісі іске қосылды. Бөлінген жолақ "Азия парк" СОО бағытында айналма жол айрығынан бір жаққа енгізілді. Бұл үлкен сұранысқа ие 15 бағдардың қозғалысына басымдық берді: №10, 12, 37, 51, 303 және т.б. Күн сайын осы бағыттармен 40 мың жолаушы жүреді.

Қоғамдық көліктен бөлек, "Bus Lane" арқылы жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникасы қозғала алады. Мысалы, мамыр айының басынан бастап зияткерлік көлік жүйесі және бөлінген жолақпен жүру арқылы жедел жәрдем реанимобильдеріне 69 рет көлік дәлізі жасалып, жолдан жылдам өткізілді. Бұл олардың науқасқа жету уақытын едәуір қысқартты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Bus Lane" жобасы ұзындығы 56,2 км болатын 22 жол бөлігінде жүзеге асырылды. Арнайы жолақтарды енгізу есебінен бағыттық желінің 14%-ын қамтитын көлік жолы қалыптастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді