Мәжіліс мемлекеттік басқару өкілеттіктерін қайта бөлу туралы заң жобасын қарайды

Ж.Құспанов
Ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге Жер кодексі нормаларының қолданылуын 5 жылға тоқтату тұру көзделген.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттар қарауына жер қатынастарын дамыту мәселелеріне қатысты заң жобасы I оқылымда қарау ұсынылды.

Құжатта жалға беруді сақтау және ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге Жер кодексі нормаларының қолданылуын 5 жылға тоқтату тұру көзделген.

Алдағы жалпы отырыста Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне қатысты заң жобалары I оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында II оқылымда рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту бойынша заң жобасы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

"Аптап ыстық, дауыл, найзағай": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Дастан Сәтбаев "Челси" клубынан "Бернлиге" жалға берілуі мүмкін