Биыл егін егуге 380 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді

ҚР АШМ
Арзандатылған дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады.

Арзандатылған дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 14%-ға арзан, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Бәріңізге белгілі, бүгінгі таңда мұнай өнімдерінің бағасы өсіп келеді. Жанар-жағармай құю бекеттерінде 1 литр дизель отынының орташа бағасы 192 теңге. Дизель отынының бағасы қанша өссе де егін егу науқаны кезінде фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды. Дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 14%-ға арзан, - деді А.Сапаров.

Оның айтуынша, биыл көктемгі дала жұмыстарына төмен бағамен барлығы 380 мың тонна дизель отыны бөлінген. Тапшылық болған жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды