Журналист Ержан Байтілес жаңа саяси қызметке тағайындалды

facebook.com / Берік Уәли
Бұл туралы Берік Уәли жазды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Берік Уәли жазды.

Ержан Байтілес "Ақ жол Қазақстан", "Алматы ақшамы", "Алты Алаш", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер.

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат.

Осыдан екі жыл бұрын ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Солайша мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр. Әріптесімізге жаңа жұмысында толағай табыс тілейміз. Алар асуың, бағындырар биігің көп болсын! делінген жазбада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған