Қанат Исламның келесі жекпе-жегін қашан көреміз

24.kz
Боксшының менеджері биылға екі айқас жоспарлаған.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Америкаға аттанып, жаттыға бастамақ.

Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

Мамыр айында ол үйінде болып, отбасына уақыт бөлгісі келді. Алайда осы айда ол жаттығуларына қайта кіріспек. Қанатты жаңа бапкер жаттықтыра бастауы ықтимал, - дейді мәлімет көзі.

Мұның алдында қазақстандықтың менеджері Нельсон Лопес екі жекпе-жек жоспарлап отырғандарын және біреуі маусым айында өтетінін айтқан болатын.

Еске салайық, 21-ақпан Майамиде өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды