Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00-де жариялаған мәліметі бойынша, доллардың орташа бағамы 1,15 теңгеге төмендеп, 426,90 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ал Ресей рублі болса, керісінше қымбаттады.
Ақша айырбастау пункттерінде АҚШ-тың бір доллары 426/428, евро 518/521,5, Ресей рублі 5,8/5,91 теңгеден сатып алынып/ сатылып жатыр.
Сонымен қатар, мұнайдың әлемдік бағасы 7 маусымдағы сауда кезінде қайта құлдырады.
WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,39% -ға төмендеп, бір баррелі 69,35 долларды құрады.
Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 0,50% төмендеп, бір баррелі 71,53 долларға жетті.