ҰБТ-2021: 600-ге жуық түлек тест тапсыруға жіберілмеді

zhaikpress.kz
Тоғыз түлектің температурасы көтерілгендіктен, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыратын болды.

224 түлек ҰБТ-ға кіре алмады, тағы 563-нің нәтижелері жойылды. Бұл - Қазақстандағы ҰБТ-ның аралық нәтижелері, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек қазақ тілінде, 30 967 - орыс тілінде, 263 - ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Максималды балл - 140. Сонымен қатар, тінту кезінде тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені әшкереленген 224 түлек ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 563 адам сыныптардан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ситуациялық орталықта әрбір тест тапсырушы "бір тест тапсырушы - бір камера" қағидаты бойынша бақыланады.

Тоғыз түлектің температурасы көтерілгендіктен, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыратын болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды